Ғылыми-тәжірибелік қызметі

Ғылыми-тәжірибелік қызметі

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының негізгі бағыттарының бірі - факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы отандық және халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялады. Олар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, конгресстерге, семинарларға және тренингтерге ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белсенді қатысады және әртүрлі салалар мен бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Факультеттің ғылыми зерттеулері академиялық пәндерді тереңірек түсінуге ықпал етеді, ал студенттермен ынтымақтастық оларға білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, бұл олардың интеллектуалдық дамуы мен дүниетанымдық көзқарасын айтарлықтай жақсартады.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Калыкова А.О., Алдекен А.С., Шашаева М., Муталипкызы У., Ибраева А.Э., Тасқұл Т.Ж.  жас ғалымдар жұмыс істейді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жас ғалымы Калыкова Алмагуль Оралбековна әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша докторантурада оқуын жалғастыруда. Зерттеу тақырыбы «Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмыс жасаудағы дискурсивті құзіреттілігін дамыту».

Докторант 22.03.2025 жылдан 20.04.2025 жылға дейін Вильнюс университетінде (Вильнюс, Литва Республикасы) тағылымдамадан өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Алдекен Айнур Сабырбайқызы 2024-2025 оқу жылының көктемгі қабылдауында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Этнология және антропология» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды.

2025 оқу жылында докторант Калыкова Алмагуль Оралбековна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналда 2 мақала жариялады. Сондай-ақ, сеньор-лекторлары Калыкова Алмагуль Оралбековна мен Алдекен Айнур Сабырбайқызы мақалалары халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарында жарияланды.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Киекенова Бағдат Базылқанқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия мамандығы бойынша PhD бағдарламасына қабылданды. Зерттеу тақырыбы: «Қазақ этносының санасындағы әділеттілік концептісінің эволюциясы және оның қазіргі жағдайдағы трансформациялануы».

Сағнайқызы Самал «Кеңестік құқық қорғау ұйымдарының әкімшіл-әміршіл жүйеге бейімделу мәселесі» атты мақаласын Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(84), 2025, 169–185 беттерінде,
«Sustainable farming: Links between meat procurement and green economy principles in Kazakhstan (1927–1932)» мақаласын Asian Journal “Steppe Panorama”, 12(5) сериясы, 2025 жылы,
«Коррупция және саясилану: “Еңбекші қазақ” газеті беттерінде Қазақ АКСР-інің құқық қорғау жүйесінің трансформациясы (1920-жылдардың соңы – 1930-жылдардың басы)» мақаласын «Отан тарихы» журналы, 28-том №4 (2025): Отандық тарих, 2025 жылы,
«Ұжымдастыру және қуғын-сүргін: ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының трансформациясы» мақаласын «Отан тарихы» журналы, 28-том №3 (2025): Отандық тарих, 2025 жылы, ҚР ҒЖБССҚК (КОКСНВО МНиВО РК) ұсынған басылымда жариялады.

Шашаева Малика Ауезханқызы 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған Asian Journal “Steppe Panorama” басылымында, 12(5) сериясында «The problem of equality of kazakh women in scientific and literary works of the Аlash intelligentsia of the early 20th century» атты мақаласын жариялады.

Баспа қызметі

Педагогикалық ұжымның баспа қызметі айтарлықтай жандады. 2025 оқу жылы ішінде жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің саны 138-ді құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда (135 жарияланым) 1,5%-ға көп.

Егер 2024 жылы кафедраның педагогикалық ұжым шетелдік конференцияларда 4 баяндама, халықаралық конференцияларда 29 баяндама, республикалық конференцияларда 45 баяндама жариялап, 5 оқу және оқу-әдістемелік құрал шығарса, шетелдік журналдарда 17 мақала, Web of Science базасында 1 мақала, республикалық журналдарда 33 мақала (оның ішінде 5-уі ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі басылымдарда, 28-і басқа басылымдарда) жарияланып, 1 авторлық куәлік алынған болса, 2025 жылы ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі журналдарда 14 мақала жарияланды, шетелдік конференцияларда 7 баяндама, халықаралық конференцияларда 15 баяндама, республикалық конференцияларда 11 баяндама ұсынылды, сондай-ақ 3 оқу және оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.

Егер 2024 жылы кафедраның педагогикалық ұжым шетелдік конференцияларда 4 баяндама, халықаралық конференцияларда 29 баяндама, республикалық конференцияларда 45 баяндама жариялап, 5 оқу және оқу-әдістемелік құрал шығарса, шетелдік журналдарда 17 мақала, Web of Science базасында 1 мақала, республикалық журналдарда 33 мақала (оның ішінде 5-уі ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі басылымдарда, 28-і басқа басылымдарда) жарияланып, 1 авторлық куәлік алынған болса, 2025 жылы ҚР ҒЖБМ СҚК тізіміндегі журналдарда 10 мақала жарияланды, шетелдік конференцияларда 7 баяндама, халықаралық конференцияларда 15 баяндама, республикалық конференцияларда 11 баяндама ұсынылды, сондай-ақ 3 оқу және оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.

Кафедраның маңызды жетістіктерінің бірі - кафедра оқытушыларының Scopus және Clarivate Analytics (Web of Science) деректер базаларына кіретін журналдарда 2 мақаланы жариялауы. Мақалалар «Қазақстан тарихы» және «Саясаттану» бағыттары бойынша жарияланды.

Жалпы алғанда, аталған көрсеткіштер Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жұмысының сапалық тұрғыдан жақсарғанын дәлелдейді.
 

Факультеттің кафедралары

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз